қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

«Студент және сахна» ІІ республикалық студенттік театрлар конкурсының үздіктері анықталды


2024 жылдың 20 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай әлемі» көктемгі мерекелік кезеңдері аясында «Студент және сахна» ІІ республикалық студенттік театрлар конкурсы ұйымдастырылды.

 

Конкурсқа Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Күлжамила Белжанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доценті Майса Өтебаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерғалым Төкеев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, драматург, актер Байғали Есеналиев, университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов қазылық етті.

 

 Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен жастардың бойына ұлттық әрі рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отырған конкурсқа жалпы саны 13 студенттік театр қатысты. Бірінші кезеңнен іріктеліп шыққан 6 студенттік театр конкурсқа жіберілді. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайларға байланысты Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қожанасыр» студенттік театры ақтық мәреге қатыса алмады. Конкурс талабына сәйкес қойылымдар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын көтерді. Нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің (Шымкент қаласы) «Өркен» студенттік театры «Шыбын ғұмыр» қойылымымен жүлделі I орынды алып, конкурс жеңімпазы атанды.
 
Жүлделі II орынды «Мұғалім» қойылымымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Өнер-жастан...» студенттік театры, III орынды Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Кәрімбек Сейітметов атындағы «Рух» студенттік театры «Мидағы митинг» психологиялық драмасымен иеленді. Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Фархад Молдағали шеберханасы» студенттік театры «Алло, мама...» қойылымымен «Серәлі Қожамқұлов атындағы көрермен көзайымы» номинациясын иеленді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Шың» студенттік театры «Жазығым не... менің мама?» шығармасымен «Сабира Майқанова атында үздік әйел бейнесі» номинациясымен және «Үркер» театры «Алғашқы ұстаз» Ш.Айтматов қойылымымен «Асанәлі Әшімов атындағы үздің ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

    

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент