қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

Абай университетінде студенттік декандарды сайлау өтті


2024 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да факультетаралық студенттік декандарды сайлау науқаны өтті. Сайлауға барлық факультеттер бойынша 57 үміткер қатысты.

 

Оның ішінде: Филология факультетінен 6 үміткер, Жаратылыстану және география факультетінен 10 үміткер, Тарих және құқық факультетінен 11 үміткер, Педагогика және психология факультетінен 7 үміткер, Математика, физика және информатика факультетінен 10 үміткер, Сорбонна-Қазақстан факультетінен 2 үміткер, Өнер, мәдениет және спорт факультеті өнер бағыты бойынша 5 үміткер, спорт бағыты бойынша 6 үміткер сайлауға үміткер ретінде тіркелді.

 

Сайлау нәтижесінде студенттік декандар:

 

Филология факультетінің студенттік деканы - 2 курс студенті Камалова Тоғжан (155 дауыс);

Жаратылыстану және география факультетінің студенттік деканы -1 курс студенті Аширов Мырза (59 дауыс);

Тарих және құқық факультетінің студенттік деканы - 2 курс студенті Алғысқызы Жаннұры (53 дауыс);

Педагогика және психология факультетінің студенттік деканы - 2 курс студенті Караманова Дана (121 дауыс);

Математика, физика және информатика факультетінің студенттік деканы - 2 курс студенті Тұрсынбек Әмина (277 дауыс);

Сорбонна-Қазақстан факультетінің студенттік деканы - 1 курс студенті Айқынқызы Бағжан (68 дауыс);

Өнер, мәдениет және спорт факультеті өнер бағыты бойынша студенттік деканы - Сейдалиева Жанель (37 дауыс);

Өнер, мәдениет және спорт факультеті спорт бағыты бойынша студенттік деканы - 2 курс студенті Рахымжан Жомарт (122 дауыс) сайланды.

 

  alt=  

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі комитет