қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

«Ей, адамдар, жүрекке оралыңдар!» Абай мұраларына арналған көрме

 

2024 жылғы 19 сәуірде «Мейірім» клубының рухани-адамгершілік және жарнамалық-насихаттаушылық бағыттары бойынша қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен ерікті-студенттер Сайнов Алмат, Қошанай Мерей, Эргешева Алсу, Зиябек Таңшолпан, Дүзбаева Нұрайым, Мұқан Жәмила, Мухаметрахим Елдана, Нұрбақытқызы Жанель, Неспай Айда, Кудус Надия мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған республикалық педагогикалық олимпиада аясында клуб қызметінің рухани әлеуетін жарнамалау мақсатында көрме ұйымдастырды.

 

Іс-шараның мәдени-ағартушылық бөлімінде еріктілер «Ей, адамдар, жүрекке оралыңдар!» сахналық-бейне қойылым көрсетті, сондай ақ көрме аясында «Мейірім» клубының рухани-адамгершілік бағыты бойынша «Жүрек тілімен» тақырыбында Абай мұраларын насихаттайтын еріктілік жұмыстарды таныстырды.

 

Ерікті-студенттер педагогикалық олимпиада барысында Абай мұраларымен насихатталатын жоғары адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосып жатқан барлық қатысушыларға сәттілік пен шабыт тіледі.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

         

 

«Мейірім» еріктілер клубы