қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2024

Өркениет ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби орталығына саяхат


2024 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Орынбеков Нұрланның ұйымдастыруымен тәрбиелік танымдық іс-шара барысында «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттері әл-Фараби орталығына барды. Орталықта студенттер шоқтығы биік Әбу Насыр әл-Фарабидың және оның балалық шағынан, ғалым ғұламамыздың өмірінен жақсы мәліметтер алды. «Дінтану» мамандығының студенттерін ұлы ғұламаның өмірбаянымен орталықтың бас маманы Өсербаев Елдос таныстырып өтті. Студенттер өте қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.

 

  alt=  

 

  alt=