қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.04.2024

Келісу комиссиясы  мүшелеріне  сертификат табысталды

 

2024 жылдың  15 сәуірінде «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Келісу комиссиясының мүшелеріне «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.

 

Оқыту семинарын «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева жүргізіп, Келісу комиссиясының ұйымдағы жұмысына қатысты мазмұнды ақпарат берді. Семинар барысында тыңдаушылар Келісу комиссиясының сапалық құрамы, өкілеттік мерзімі сынды өзекті мәселелер бойынша толыққанды ақпарат алып, біліктіліктерін жетілдірді. Нақтырақ айтқанда, еңбек даулары және оның туындау себептері және оны шешу тәртібі бойынша мәселелер қамтылды.

 

Оқыту семинары Абай университетінің Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов алдағы уақытта осындай оқыту семинарлар өз жалғасын табатындығына сенім білдіріп, Келісу  комиссия мүшелерінің алдағы жұмыстарына табыс тіледі.  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Ректор Аппараты