қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2017

Тарих және құқық институты Орталық Азия аймағын талқылады

 

2017 жылдың 24 қарашан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар: тарихы және қазіргі кезеңдегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

 

Конференция жұмысының аясында халықаралық қатынастар және Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты, Орталық Азиямен шектес мемлекеттердегі этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістері, аймақтағы мемлекеттерінің, Ресейдегі жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуы, геосаяси ықпалдасудың салдары, мәдени-құндылықтық дамуының мәселелері, Орталық Азия елдері: әлемдік оқыту кеңістігіне кіруінің мәселелері мен келешегі, түркі тілінің тарихи негіздері, оның аймақтағы біріктіруші факторлары атты бағыттарда баяндамалар жасалында. Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, төрт арнайы секцияларда, екі бөлімде өрбіді.

 

Конференция бағдарламасында университет ректоры Такир Балықбаевтың алғысөзін университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева жеткізіп, артынша практикалық бағдарламаның күн тәртібімен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері доцент Нұрлан Атығаев, профессор Сайн Борбасов, Қиыр шығыс халықтарының этнографиясы, тарихы мен археологиясы институтынан т.ғ.кандидаты В.А.Гайкин (РФ), Ахи Евран университетінен түркітанушы Осман Кабадайы (Түркия), ҚР Тұңғыш президенті - ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен PHD докторы Қайсарбек Есбергенов, Әскери өнер ғылыми зерттеу институтынан Марат Саматов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен аға оқытушы Гаухар Батырбекқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен профессор Әзімбай Ғали, ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов, сонымен қатар конференцияның жұмысына сарапшылық пікірлерімен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы-орынбасары Данияр Әлиев, журналист-алаштанушы Бейбіт Қойшыбай, саясаттанушы Ғабиден Жәкей, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ЖОО-ң профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.