қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.11.2017

Мұғалімдер мен студенттердің спорттық жеңістері


Алматы қалалық әкімдігі Денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Спорттық Алматы» спартакиадасына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсене атсалысты.

 

Спорттың арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен өткен жарыста университет профессор-оқытушылар құрамының командалары жоғары жетістіктерге жетіп, Алматы қаласы жоғары оқу орындары арасында Бірінші орынды және арнаулы Кубокты жеңіп алды. Бұл жеңісі үшін университет Алматы қалалық әкімдігінің Денешынықтыру және спорт басқармасының Бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

 

Сондай-ақ осы спартакиадада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері үздік ойын өрнегін көрсетіп, волейбол мен шағын футболдан бірінші орынды жеңіп алды.

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім.