қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2024

«Білікті маман - ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

 

2024 жылдың 26 наурызында Педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика» кафедрасында «Білікті маман - ел тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Инклюзивті білім беру бойынша оқу зертханасының базасында өткен шараны «8D01901 - Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1-2 курс докторанттары ұйымдастырды.

 

Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің мақсаты - білім алушыларды тиісті деңгейдегі және бейінді, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз саласы бойынша сауатты, жауапты, ісін жетік меңгерген жоғары білікті қызметке дайындау болып табылады.

 

Іс-шараға педагогика және психология институтының директоры, п.ғ.к., доцент Ғ.Ә.Абаева, арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Н.Аутаева, «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Т.Ж.Байдильдинов, «8D01901 - Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1-2 курс докторанттары, қонақ ретінде шақырылған «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры м.а. А.А.Байтурсынова және ШҚО білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ «Педагог-зерттеуші» жоғары біліктілік санатты логопед-дефектолог Р.Т.Байчинов қатысты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби өсу, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын болу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

 

Дөңгелек үстел соңында кері байланыс орнатылып, іс-шараға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға профессор-оқытушылар құрамы жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=