қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.03.2024

Robotime-2024: Абай университетінде оқушыларға арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды

 

 

2024 жылдың 1 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Математика, физика және информатика институтының "Abai Robo" клубы, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы және "Abai LABS" STEM Park ұйымдастыруымен оқушыларға арналған "ROBOTIME-2024: мектеппен байланыс" турнирі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

Іс-шараға Абай университетінің педагогикалық практика базасында "Информатика" және "Информатика және робототехника" білім беру бағдарламаларының 3-ші курс студенттері практика барысында дайындаған мектеп оқушылары қатысты: Республикалық физика-математика мектебі; С.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей; Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия; №173 мектеп-лицей; №96 Жалпы білім беретін мектеп;Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназия; №176 мектеп-гимназия;Қ. Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия; М.Мақатаев атындағы №140 гимназия; №166 лицей; Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей; М.Ганди атындағы №92 мамандырылған лицей.

 


Турнир қорытындысы бойынша І орынды №173 мектеп-лицейінің оқушылары: Д.Исаев, А. Айжарық, А. Сайлаубаев, М. Камалбек иеленді. ІІ орынға М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің оқушылары: Е. Ережеп, А. Мереке, Н. Серік ие болды. III орынды М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушылары: Е. Ерболатұлы, А. Жеңісхан, С. Абдухафиз иеленді.


"ROBOTIME-2024: мектеппен байланыс" турниріне қатысқан оқушылар, мектеп мұғалімдері, студент-практиканттар университет ректорының арнайы дипломымен, алғыс хаттарымен, сыйлықтармен марапатталды.

 

 

06.03.2024ж.

Ақпарат көзі: dalanews