қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.12.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ-да белгілі педагог Қ. Бітібаеваға құрмет көрсетіледі

 

2020 жылдың 24 желтоқсаны күні сағат 14.00-де «Латын» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 75 жыл толуына арналған «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог  мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

 

Конференцияның негізгі мақсаты - қазақ педагогикасының ірі құбылысы, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетін оқытудағы жаңашыл әдіскер, 40-тан артық оқу-әдістемелік оқулық, оқу құралдарының авторы Қ.О.Бітібаеваның педагогикалық мұрасы мен ұстаздық тағылымын кеңінен насихаттау.

 

Конференция барысында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Шәмсиқызы ОРАЗБАЕВА «Ұлы ұстаз Қанипа Бітібаева әлемі: интеллектуал тұлға тәрбиесі» тақырыбында баяндама жасайды.

 

Конференция идентификаторы: 878 4522 8387


Конференцияға кіру коды:  360293

 

Конференция сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/87845228387?pwd=NVRLc3V4Qi9jckxKZ1RIL1EvNm5xZz09