қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2024

Абай университеті мен Балаларды ерте дамыту институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

2024 жылдың 29 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп пен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Гүлшат Онланбекқызы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Меморандум мазмұнын талдауға университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева қатысып, ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттерін нақтыланды.

 

Меморандум барысында көптеген ынтымақтастық іс-шаралар жүзеге асырылатын болады: мектепке дейінгі білім беру саласындағы бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуде зерттеу топтарын құру, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың тиімді әдістемелік тетіктерін әзірлеу, республикалық мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне (өндіріске) университет ғалымдарын жұмылдыру, зерттеуші ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, ғылыми тағылымдамадан өту жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Екі тарапта меморандум негізінде орындалатын барлық іс-шаралар, зерттеу нәтижелері, ынтымақтастық жұмыстары мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа тынысын жандандырып, өз нәтижесін көрсететініне сенім білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=