қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.12.2020

Құрметті, студенттер, ұстаздар!!!

 

Осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса, бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Аман-саулық - адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік - халықтың жалғыз бақыты. Бұл - туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі Махатма Гандидан қалған сөз. Расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады. Осынау торқалы тойға Математика, физика және информатика Институты қисапсыз үлес қосқан жандармен жүздесу кешін арнайы ұйымдастырып отыр.

 

Сіздерді мағыналы сұхбат, от ойлардың ортасында болуға шақырамыз!!!

 

Кеш қонақтары: Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы - 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі. азіргі таңда Республикалық «Желтоқсан - 86», «Тәуелсіздік қырандары», «Халық қаһармандары» қозғалысының төрайымы.

 

Оразалиев Нұрбақыт Әділұлы - 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі.

 

Айболат Жұмабай - 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі.