қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.02.2024

«Медеу» мұз айдынында «ICE PARTY» студенттік тимбилдинг өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институты «Медеу» мұз айдынында «ICE PARTY» студенттік тимбилдинг өткізді. Мұз айдынына жалпы 110 студент барып, уақыттарын көңілді өткізіп қайтты. Демалыс орнына жалдамалы автобуспен барып қайтып, коньки және кіру билеті, студенттерге бір реттік ас берілді. Тимбилдингтің мақсаты студенттерді аралық бақылау алдында энергия жинап, сергітіп, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізу болды. Тимбилдингте тек демалып ғана қоймай студенттер командамен жұмыс жасауды үйренді. Демалып келген студенттер бұрын соңды мұндай көңілді демалысқа бармағандарын, тимбилдинг өте жоғары деңгейде өткенін, болашақта тағы ұйымдастырылса қатысатындарын айтып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтты. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=