қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.12.2020

ТжКББ жағдайында инклюзивті білім беру кеңістігін ұйымдастыру бойынша вебинар өтеді

 

Инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық консультативтік орталығында инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы жұмыс істейді.

 

2020 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға техникалық және кәсіптік білім беру: ТжКББ жағдайында инклюзивті білім беру кеңістігін ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында виртуалды зертхананың кезекті онлайн -вебинарының өткізілуі жоспарлануда.

 

Спикерлері - «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының президенті, доцент Сейсенова Алмагүл, Алматы мемлекеттік технологиялар және флористика колледжі мен Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жетекшілері, педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері. Вебинарға қатысуға еліміздің мектеп басшылары мен қызметкерлері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылады.

 

Вебинарға сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/85395308831?pwd=RmNnbEc4eHVGL3VlSnZPS2plWnpvdz09 

 

Конференция идентификаторы: 853 9530 8831

 

Пароль: 945990