қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2024

Алматы қаласының дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейінде Абай университетінің биология кафедрасы филиалының бірлескен семинары өтті

 

2024 жылдың 22 ақпанында Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасы филиалының бірлескен семинары өтті. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған семинарға «Биология» кафедраның меңгерушісі PhD Майматаева А.Д., профессор-оқытушылары: Айдарбаева Д.К., Тунгышбаева З.К., Жумагулова Қ.А., Камиева Г.С., Джарылкапова С.Е., 4 курс студенті Бекмурзина Т., №178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев К.Х., лицейдің жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері: Бастерова Б.А., Жұмабаева Г. Б., Бақытжан Н., Алипова М.Т. және лицейдің химия-биология бағытында оқитын оқушылары қатысты.

 

Семинарда биолгия ғылымдарының докторлары, профессорлар Айдарбаева Дина, Тунгышбаева Зина және Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары «Өсімдіктердің алуантүрлілігін зерттеудегі заманауи мәселелер және оларды шешу жолдары», «Экологиялық факторлардың жануарлар ағзасына әсері» және т.б. тақырыптарда баяндама жасады. Семинар соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Кафедра филиалының жұмысын жандандыруға атсалысқан лицейдің директоры Кайратбек Шадиевке, лицейдің биология пәні мұғалімдері: Балхия Бастероваға, Гульнар Джумабаеваға алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

    alt=