қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.02.2024

Күміс университет бағдарламасы негізінде Филология институты мен Алатау ауданы зейнеткерлерінің кездесуі

 

2024 жылдың 20 ақпанында «Күміс университет» жобасы аясында Алатау ауданның зейнеткерлерімен Филология институтының директоры А.В. Таңжарықова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Ә.Найманбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Әбдіқалықов  және «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қоңқабаева, араб тілі пәнінің оқытушысы Э.Ж. Қансейітова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ұ.А. Ислямова  кездесті. Кездесу барысында қызықты әңгіме өрбіп, салихалы жастағы тыңдаушыларымыздың тілге деген қызығушылықтары тілге тиек болды.  Курсқа қатысушы зейнеткерлердің жас шамасы 65-70 жас аралығында. Жалпы ағылшын тілінде - 16, араб тілінде - 3 қатысушы бар, алдағы уақытта курсқа қатысушылар саны өсуі мүмкін. Курс аптасына 1 мәрте өткізіледі. Курсқа қатысушылардың ынта-жігері зор, бар зейіндерін қойып қатысып жүр. Болашақта алған білім нәтижелерін шетелге қыдырып барғанда және шетелдік ақпараттармен танысуға қолданбақ ниетте.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

    alt=