қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.02.2024

Ректордың самбодан турнир чемпионымен кездесуі


Бүгін, 2024 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп самбодан халықаралық турнирдің чемпионы Нұрсейітов Нұрсұлтанмен және оның жаттықтырушысы Еркін Сайдақовпен кездесті.


Естеріңізге сала кетейік, Абай университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының 4 курс студенті Н.Нұрсейітов жақында Минскіде (Беларусь) өткен ересектер арасындағы самбодан халықаралық турнирде 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атағын жеңіп алған болатын. 2019 жылдан бастап Нұрсұлтан қазақ күресі, белбеу күресі және самбодан жарыстарға белсене қатысып, Қазақстанның және әлем чемпионы атанды.


Ректор Нұрсұлтанды халықаралық аренадағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі. Болат Тілеп университеттің дарынды студенттеріне қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталып, жас спортшыларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Кездесу соңында Нұрсұлтан мен бапкері Еркін Сайдақовқа алғысын білдіріп, университеттің атынан ақшалай сертификат табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті