қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2020

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың назарына!

 

2021 жылы 15 - 20 қаңтар аралығында болатын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) құжат қабылдау 2020 жылы 1 - 15 желтоқсан аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн режимінде қабылданады.

 

ҰБТ-ға 2021 жылы қаңтар айында қатысатын тұлғалар:

- орта білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары;

- ҰБТ нәтижесі бойынша шекті бал алмаған, Университетке күндізгі ақылы топқа шартты түрде қабылданған 1 курс студенттері, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер нәтижесі сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар және жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) күндізгі оқу бөліміне ағымдағы жылы ақылы негізде қабылданған тұлғалар (ҰБТ сертификаты жоқ);

- ЖОО - да ақылы негізде шығармашылық білім беру бағдарламалар тобы бойынша білім алушы басқа білім беру бағдарламалар тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

 

Онлайн өтініш берудің басты шарты тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатынан «жеке куәлігі» немесе «паспорты» болуы тиіс.

 

ҰБТ-ға қатысушылар онлайн өтініш беру үшін htts://ubt.testsentr.kz сайтына кіру керек.

 

Тестілеуге қатысу үшін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК реквизитін көрсете отырып төлем жүргізу керек. Тестілеу құны - 2242 теңге.

 

Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы базаға тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығы әрбір қадам бойынша алгоритмі көрсетілген қазақ және орыс тілдерінде арнайы нұсқаулық (инструкция) дайындаған. Қазақ және орыс тілдеріндегі арнайы нұсқаулық университет сайтына қойылады. Нұсқаулықпен толық танысып, онлайн режимінде базаға тіркелуге болады.

 

Ескерту: ҰБТ нәтижесі бойынша шекті бал алмаған, Абай Университіне күндізгі ақылы топқа шартты түрде қабылданған 1 курс студенттері, 2021 жылы 15-20 қаңтар аралығында өткізілетін ҰБТ-ға міндетті түрде қатысып өз мамандығы бойынша шектік балды жинау керек. Қазіргі уақытта студенттерге барлық сабақтардың онлайн форматында жүргізілуіне байланысты, Абай университетінде оқитын әрбір студент өздері мектеп бітірген село немесе облыс, қалаларында. Осы аталған жағдайларды ескере отырып Абай университетінде күндізгі ақылы бөлімде 1 курста шартты түрде оқып жатқан әрбір студент ҰБТ-ны жергілікті тұрып жатқан мекен жайы бойынша облыс орталығында орналасқан жоғары оқу орнында тапсырады. Базаға солай тіркелу керек.

 

Мысалы, Маңғыстау облысының қандайда бір ауданында тұратын студент Ақтау қаласындағы Есенов атындағы университетте тест тапсыруға болады.

 

Базаға тіркелгенде көрсету керек:

- оқып жатқан оқу орны - 007 Абай атындағы ҚазҰПУ;
- тест тапсыру орны - Ақтау қаласы.

 

Сұрақтар бойынша:
Студенттер (шартты түрде) - Б. Жанкушков 87783537583
Д. Шыңғысхан 87780021620
Мектеп оқушылары - М.Салбырова 87017855291
Қосымша сұрақтар бойынша: А.Жуматова 87077673626

 

ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау жөніндегі нұсқаулық хат

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясы