қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.02.2024

SDU University студеттерінің математика оқулығының авторларымен кездесуі

 

2024 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ мен SDU University арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында SDU University педагогтері Жанболат Қайынбаев пен Лайла Искакованың шақыруымен бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі математика оқулықтарының авторлары, Абай университетінің профессорлары Әсел Ақпаева пен Лариса Лебедева SDU University-де болды. Кездесу тақырыбы -«Бастауыш мектепке арналған математика оқулығын құрудың тарихы мен ерекшеліктері». Кездесуге бастауыш білім беру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, математика пәнінің мұғалімі мамандықтарының студенттері қатысты. Олар әңгімеге белсене қатысып, қызықты сұрақтарын қойды. Авторлар «Алматыкітап» баспасындағы өз жұмыстарының қалай басталғанын еске алды. Сонымен қатар, баспа оқулығы мен электронды платформа жайлы әңгімеледі. Студенттермен біраз мәселелер талқыланды, бұл олардың осы тақырыпқа деген терең қызығушылығын көрсетеді.

 

  alt=  

 

  alt=