қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.01.2024

Абай университеті студенттері Kazakhstan Fashion Week Ұлттық сән апталығының атқарушы директорымен кездесті

 


 

Абай университетінде Kazakhstan Fashion Week Ұлттық сән апталығының атқарушы директоры, «Sabon&K» байланыс агенттігінің жетекшісі, KFW.kz редакциясының меңгерушісі Ботагөз Алдонгарованың студенттермен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

«Шығармашылық жобаларды құру мен жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына арналған кездесуде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті мен Өнер, мәдениет және спорт институты ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында Ботагөз Алдонгарова өзінің кәсіби дамуы туралы айтып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 

- Журналист мамандығын таңдағанда, бұл менің сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік беретінін білдім. Мен үлкен мерекелерді, іс-шараларды жүргізгенді жақсы көремін. Эфирге шыққанды ұнатамын. Бала кезімнен сахнаға шықтым, адамдардың өмірінде бақытты сәттері болуы үшін не істеу керектігін білемін.

 

Бірақ мұның бәрі тәжірбиемен келді. Алдымен мен адамдармен мүмкіндігінше көп сөйлескім келді және әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан үнемі хабардар болуды ойладым. Сондықтан журналистика маған керек екенін түсіндім.

 

Маған өзімді радиожүргізуші ретінде сынап көруді ұсынды, мен келістім. Осылайша мен БАҚ-пен бірге өсіп, дамыдым. Журналистикадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы Kazakhstan Fashion Week-ті ұйымдастыруға достарымнан шақырту алдым, - дейді Ботагөз Шаймұратқызы.

 

Сондай-ақ кездесу барысында шығармашылық жобаларды ұйымдастыру, олардың тақырыптық-идеялық ерекшелігі, тәрбиелік мәні, көркемдік ізденіс төңірегінде де сөз қозғалды. Нәтижесінде студенттер маңызды ақпаратқа қол жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

 

24.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz