қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
17.01.2024

Abai University жас ғалымдары көптен күткен баспанаға ие болды

 


 

2023 жылдың желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлесіп жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске қосты.

 

Бағдарлама жас ғалымдарға бүгінгі күннің қажеттілігі болып табылатын алғашқы баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл келісім Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Абай университетінде осы бағдарлама аясында Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, PhD Карима Сейтбекова, Математика, физика және информатика институтының оқытушылары Салтанат Мейманкулова және Айкенже Жамкеева, Тарих және құқық институтының оқытушылары Айзада Берікболова мен Мадина Амандосова баспаналы болды.

 

«Отбасы банк» АҚ университеттің тағы 7 жас ғалымының құжаттарын мақұлдады, бұл бастаманың тиімділігі мен қажеттілігін растайды.

 

Абай университетінің жас ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл бағдарлама дарынды ғалымдар үшін жайлы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесін ынталандырады.

 

Еске сала кетсек, тұрғын үй бағдарламасына гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде үш жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, магистр деңгейінен төмен емес, тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар қатыса алады.

 

17.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: gov.kz