қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.01.2024

Abai University педагогтарының кәсіби өсуіне арналған AI және IT тренингі

 


 

Абай университетінің Қысқы мектебі аясында «Білім беру бағдарламасын масштабтау» тақырыбында оқытушылар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, бөлім басшыларына арналған оқыту тренингі өткізілді.
Іс-шараға қатысушы университеттің 145 профессор-оқытушылар құрамын білікті жаттықтырушылар оқытуда.


Тренингте «Қазіргі педагогикалық білім трендтері және қолайлы білім беру ортасы», «Студентке бағдарланған оқыту», «Белсенді оқыту әдістері», «Педагогтардың IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика», «Бағалау саясаты, формалары мен жүйелері» тақырыптарын талқылау, жоба аясында әзірленген білім беру бағдарламасымен таныстыру кезең-кезеңімен жоспарланған.


«Педагогтардың AI мен IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика» тақырыбындағы тренингті Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан құрылған жаттықтырушылар жүргізді. Тренинг барысында педагогтардың қазіргі әлемде сұранысқа ие AI және IT құзыреттіліктерін дамыта отырып, қызықты және тиімді білім беру тәжірибелерін құруға мүмкіндік берілді. AI технологияларын қолдануда педагогтардың AI құзыреттіліктерін қалыптастыру басты назарға алынды. Педагогтар арасында жасанды интеллект (AI) саласындағы құзыреттілікті дамыту қазіргі білім берудің негізгі аспектісі болып табылады.


Топтық жұмыстарды орындауда педагогтар ақпаратты визуализациялау және құрылымдау үшін тамаша құрал болып табылатын менталды карталардың түрлерімен, интерактивті өзара әрекеттесуді және ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін электрондық платформалардың онлайн-тақталарының түрлерімен, білім беру процесін байытуға және мұғалімдердің IT құзыреттілігін дамытуға бірегей мүмкіндіктер беретін (AR) технологиялармен жұмыс жасады.


Тренинг нәтижесінде тыңдаушылар AI және IT саласындағы білімдерін кеңейтіп, білім алушыларды тиімді оқытудың жаңа технологияларын, құралдары мен әдістерін меңгерді.

 

 

16.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert