қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.01.2024

Абай университеті еуропаның 12 университетінде грант жеңіп алды

 


 

Абай университетінің студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық (ICM) аясындағы Erasmus+ бағдарламасының арқасында Еуропаның 12 жетекші университетінде білім алудың мүмкіндігіне ие болды.

 

Erasmus+ - білім беру жүйелерін, кәсіптік оқытуды, жастар саясатын және спортты жаңғырту мен тұрақты дамытуды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың бастамасы. Абай университеті жыл сайын ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық жобалары бойынша Erasmus+ конкурстарына қатысады.

 

Erasmus+ «Халықаралық академиялық ұтқырлық (ICM)» жобасы конкурсының қорытындысы бойынша Абай университеті Гранада университеті (Испания), Лилль университеті (Франция), Пуатье университеті (Франция), Палацкий университеті (Чехия) сияқты беделді университеттерді қоса алғанда, Еуропаның 12 жоғары оқу орнында білім алу гранттарына ие болды. QS халықаралық рейтингінде 134-ші орынды иеленген Италиядағы Сапиенца университеті ерекше атап өтуге тұрарлық.

 

03.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: gov.kz