қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.12.2023

Абай университетінде қаржыландыру жобаларын жүзеге асыру басталды

 


 

Абай университетінде озық ғылыми-зерттеулер жүріп жатыр.

 

Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы бойынша екі ірі ғылыми жоба жүзеге асырылу үстінде.

 

1-жоба: «Жоғары оқу орнының online community кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау». Жобаның ғылыми жетекшісі - п.ғ.д., профессор Улжаркын Абдигапбарова.

 

Жоба аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық базасына Цифрлық әдеп кодексін енгізу; online community кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениетін және цифрлық этикетін қалыптастырудың Жол картасын әзірлеу; бірегей білім беру бағдарламаларын, жаппай ашық онлайн-курстарды, бейне кітапханалар, практикумдар, психологиялық тренингтердің әдістемелік сценарийлерін; online-community CyberEdNetworks цифрлық платформасын және педагогтердің біліктілігін арттыру курсын әзірлеу жоспарланған.

 

2-жоба: «Постқалыпты уақыттағы рухани-мәдени, саяси, әлеуметтік құбылыстар ретіндегі исламның ықпалы мен келешектері: Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің тәжірибесі». Жоба жетекшісі - PhD Елена Музыкина.

 

Жоба аясында ислам факторының әлеуметтік-саяси үрдістерге, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікке ықпалының теориялық және тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; тәуелсіз Қазақстанда дін дамуының негізгі ерекшеліктерін анықтау; мемлекеттің постқалыпты уақыттағы діни саясатты жетілдірудің саяси-құқықтық тетіктерін айқындау және Қазақстандағы діни ахуалға талдау жасау; қазіргі Қазақстанда исламды дамытудың негізгі тәсілдері мен жолдарын ашу көзделген.

 

Жобалардың нәтижелері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның міндеттерін шешуге бағытталған: цифрлық білім беруді кеңейту, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, рухани және мәдени, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін сараптау, исламның тарихи қалыптасқан рухани-мәдени құбылыс ретіндегі рөлі мен маңызын ашу. Ғылыми нәтижелер қазақстандық исламтану мен дінтану, педагогикалық және мәдени-білім беру ғылыми саласының одан әрі дамуына үлес қосады.

 

Абай университеті озық ғылыми-зерттеулерді табысты жүргізіп, еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына белсенді ықпал етпек.

 

21.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz