қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2025

Алматыда «Жасанды интеллект және цифрлық сауаттылық: жалған ақпаратпен күрестегі жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы Х Орталық Азиялық журналистика семинары өтті.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Ақпараттық бюросының Басшысы - БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы Өкілі Властимил Самек атап өткендей, семинар жыл сайын бүкіл әлемде 10 желтоқсанда атап өтілетін Адам құқықтары күніне орайластырылған.
Ғылыми жиынды Абай атындағы ҚазҰПУ Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан ресми түрде ашып берді.«Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға шетелдік университет ғалымдары, еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, «Тұран» университетінің және шетелдік зерттеуші ғалымдары қатысты.
Властимил Самек, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросы Басшысы - Қазақстандағы БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Орталық Азияда цифрлық сауат нығайту және дезинформациямен күресу үшін жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикасы туралы сөз сөйледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Гүлмира Сұлтанбаева фактчекинг пен медиасауат креативті құралы ретіндегі «RasInfo» мобильді ресурсын таныстырды. - «AI-Derek - бұл фактчекингке негізделген және осындай технологияларды қолдану тәжірибесін сипаттайтын фейктермен күрес құралы. AI-Derek RasInfo мобильді ресурсымен интеграцияланған және пайдаланушылардың фактчекинг саласындағы сұрақтарына жауап береді», - деді жоба жетшісі.
Сондай-ақ, семинарда қазақ, орыс, ағылшын жарық көрген «Цифрлық сауат көрсеткіштері: Қазақстандағы ақпараттық мәдениетті дамыту жүйесі» және «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторлары» атты ұжымдық монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтар таныстырылды. Ғылыми еңбектерде Қазақстандағы ақпараттың жүйелі және гибридті сипаты талданады.

 

 

  alt=

  alt=

  alt=




Кері оралу