қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.12.2023

Педагогикалық сыныптың жаңа тынысы

 

2023 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ғылыммен өрнектелген ғұмыр» тақырыбында белгілі ұстаз-ғалымдар аталған оқу орнының стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ақтолқын Құлсариева және физика-математика ғылымдарының докторы профессор Мақтағали Бектемесовпен Алматы қаласы мектептеріндегі педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Танымдық кешті Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы ұйымдастырды. Жоба жетекшісі - Бауыржан Сейіткаримов.

 

Іс-шараға Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернат, Абай атындағы РММИ, №2, №67, №104, №109, №167, №93, №141 білім ордаларындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» факультативтік сабағының тыңдаушылары мен мектеп мұғалімдері, студенттер қатысты.

 

Тағлымы зор кеште Абай университеті зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Е.Ә.Бөрібаев, Педагогика және психология институтының директоры Ғ.Ә.Абаева, университет Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.А.Әлмұхамбетов, кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Б.Ибраймов, педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева сөз алып, қос көрнекті ұстаз-ғалымдардың ел ғылымы мен руханиятына қосқан еңбектері туралы салмақты әңгіме қозғаса, профессор Б.Әбдіғазиұлы, ППИ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Ақжолова, бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі А.Е.Жұмабаева, мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева, арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А.Н.Аутаева өздерінің өзекжарды тілектерін жеткізді.

 

Кездесу барысында көрнекті ғалымдар М.Бектемесов пен А. Құлсариеваның ұстаздық һәм ғылыми қызметтері тәлімгерлік ғұмырнамасы қақында тың мағлұматтар алып, цифрлық жаңа формациядағы болашақ педагогтың кәсби келбеті мен құзыреттіліктері туралы жан-жақты ой-пікір бөлісті.

 

Мағыналы да мазмұнды өткен жиынды ұйымдастыруда педагогикалық сынып жобасы жетекшілері, кафедраның білікті мамандары Б.С. Сайдахметов пен М.К. Құрсабаев айрықша еңбек еңбек сіңіргенін атап өтуіміз керек.

 

Ғалым-ұстаздармен өткен кездесу кеші өзінің шынайылығымен көрермендердің есінде қалды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=