қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.12.2023

Абай университетінде заманауи Hyflex оқу зертханасы ашылды

 


 

2023 жылдың қараша айында ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыратын AP14871883 «Hyflex» технологиясы арқылы болашақ педагогтің кәсіби табыстылығын қамтамасыз ету» ғылыми жобасы аясында Абай университетінде «Hyflex сыныбы» оқу зертханасының ашылуы өтті.

 

Зертхананың қызметі студенттердің аралас оқыту үрдісін үйлесімді ұйымдастыруға бағытталған.

 

«Hyflex сыныбы» икемді және ыңғайлы оқыту және оқу ортасын құруға мүмкіндік беретін озық технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Бұған бейнеконференциялар жүргізу, дәрістер жазу және экранды бөлісудің әртүрлі нұсқалары кіреді. Hyflex технологиясы синхронды онлайн сабақтарды дәстүрлі бетпе-бет сабақтармен қатар жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Іс-шарада Hyflex-технологиясын пайдалану кезінде оқытудың практикалық аспектілерін толықтыратын студенттерге арналған «Гибридті білім беру технологиясы» оқу құралы ұсынылды.

 

Hyflex зертханасы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі үшін бірегей және маңызды болып табылады. Бұл технология студенттердің тиімді әрі сапалы оқуына жаңа мүмкіндіктер береді.

 

Жаңа зертхана студенттердің белсенділігі мен оқуына ықпал ететін білім беру саласындағы инновациялық технологиялар орталығына айналады.

 

07.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: gov.kz