қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.12.2023

Алматыда профессор Нұржамал Оразбаева атындағы дәрісхана ашылды

 

 

Биыл профессор, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл.


Осыған орай Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғалым атындағы дәрісхана ашылып, дөңгелек үстел өтті. Нұржамал Оралбайқызы-қазақ тілінің сөз-жасам жүйесін жіктеп, тереңінен зерттеген маман. Көзі тірісінде 70-тен аса ғылым докторы мен кандидатын даярлаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

 

Профессор еңбек жолында 300-ден астам ғылыми мақала жазған. 20-дан астам оқулық пен монографияның авторы. Ол Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Шамғали Сарыбаев секілді ғалымдардың еңбегін терең зерттеген. Іс-шараға жиналған ғалымдар Нұржамал Оралбайқызының зерттеулері, бүгінгі күні де өзекті,-дейді.

 

«Ол кісінің аты қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деп өз алдына бөлек қалыптасқан саламен тығыз байланысты. Нұржамал апайдың еңбектерінің арқасында қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деген сала дамыды. Қазіргі кезде оның ізбасарлары сол саланы әлемдік лингвистикалық деңгейде дамытып, жетілдіріп жатыр», - дейді А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан.

 

«Енді қазіргі кезде осы профессор Нұржамал Оралбаеваның ғылымдағы шығармашылығы туралы, оның әдістемедегі өзіндік орны туралы докторлық, магистрлік диссертациялар қорғау керек деп санаймын», - дейді ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманәлиев.

 

01.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz