қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.12.2023

Отандық және шетелдік сарапшылардың басын қосқан жиын

 


 

5 желтоқсанда Абай университетінде Қазақстанда дуалды білім беруді енгізудің үздік әлемдік тәжірибелерді талқылауға арналған тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құруды, еңбек нарығының өзекті сұранысына сәйкес студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға білім беру ұйымдарының, бизнес құрылымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру негізінде жоғары және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауды мақсат еткен «Қазақстан Республикасында дуалды жоғары және кәсіптік білім беруді дамыту жолдары: KAZDUAL жобасының тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция басталды. Эразмус+ бағдарламасының №618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP - «KazDual - Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» халықаралық жоба аясындағы іс-шара 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Үлкен мақсатты көздеген халықаралық конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі, ҚР Эразмус+ Ұлттық кеңсесі, Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты (ACQUIN), CEENQA - Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша агенттіктің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның, Германияның, Австрияның және Эстонияның жетекші университеттері мен колледждері қатысып жатыр.


Конференцияның ашылуында университеттің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева KAZDUAL жобасы аясында қол жеткізілген оң нәтижелер туралы айтты. Ол Абай университетінде дуалды білім беру бойынша теориялық білімнің елеулі қоры, сондай-ақ оны білім беру үрдісіне интеграциялаудың тиімді технологиялары белсенді түрде қалыптасып жатқанын атап өтті.


Пленарлық отырыстарда, панельдік сессияларда және семинарларда оқу орындарында дуалды жүйені іс жүзінде енгізу мен пилоттық аккредиттеудің өзекті мәселелері талқыланатын болады. Білім беру саласындағы халықаралық сарапшы мамандар, сертификатталған жаттықтырушылар және KazDual жобасының ұлттық командасының мүшелері өз тәжірибелері мен сараптамаларын ұсынады.

 

Осылайша, Қазақстанда дуальді білім беруді дамыту тақырыбы үш күнге дейін созылатын халықаралық конференцияның арқауы болмақ.

 

06.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com