қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.12.2023

Алматыда профессор Нұржамал Оралбаева атындағы дәрісхана ашылды

 

Биыл профессор, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл.

 

Осыған орай Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғалым атындағы дәрісхана ашылып, дөңгелек үстел өтті. Нұржамал Оралбайқызы-қазақ тілінің сөз-жасам жүйесін жіктеп, тереңінен зерттеген маман. Көзі тірісінде 70-тен аса ғылым докторы мен кандидатын даярлаған. Профессор еңбек жолында 300-ден астам ғылыми мақала жазған. 20-дан астам оқулық пен монографияның авторы. Ол Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Шамғали Сарыбаев секілді ғалымдардың еңбегін терең зерттеген. Іс-шараға жиналған ғалымдар Нұржамал Оралбайқызының зерттеулері, бүгінгі күні де өзекті,-дейді.

 

Анар Фазылжан, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

 

- Ол кісінің аты қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деп өз алдына бөлек қалыптасқан саламен тығыз байланысты. Нұржамал апайдың еңбектерінің арқасында қазақ тіл білімінде «Сөзжасам» деген сала дамыды. Қазіргі кезде оның ізбасарлары сол саланы әлемдік лингвистикалық деңгейде дамытып, жетілдіріп жатыр.

 

Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі:

 

- Енді қазіргі кезде осы профессор Нұржамал Оралбаеваның ғылымдағы шығармашылығы туралы, оның әдістемедегі өзіндік орны туралы докторлық, магистрлік диссертациялар қорғау керек деп санаймын.

 

 

01.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz