қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.11.2023

Алаш арыстары ашқан университет

 


 

Абай университеті 95 жылдығын тойлады


Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақтың осынау бас ақынының атын иемденген Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.

 

Аталған білім ордасы - елімізде ашылған ең бірінші жоғары оқу орны. Оған қоса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ірі ғылыми және педагогикалық білім беру орталығы. Университеттің қалыптасуына ұлт зиялылары - Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Темірбек Жүргенов, Сәкен Сейфуллин, басқа да көптеген көрнекті қайраткерлер зор үлес қосты.


95 жылдық тарихында білім мен ғылымның қара шаңырағы бүгінгі күнге дейін өз алтын ұясынан отандық педагогиканың дамуына тың серпін беріп, 200 мыңға жуық педагог пен 4 мыңнан аса ғылыми кадрды қанаттандырды. Бүгінде университет әлемнің 25 мемлекетінің 138 жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыста жұмыс істейді. Абай университеті әлемдік және отандық рейтингтерде үздік университеттер қатарында.


«Университеттің 95 жылдығы - ЖОО-ның осыған дейін жеткен жетістігін түйіндеп, пысықтап, алдағы уақыттағы жұмыстарды жоспарлауға қолайлы меже. Демек, бүгінгі салтанатты шарада біріншіден, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы марапатталып, қошеметтелді. Екіншіден, бұл мереке - университеттің әр жылдарғы түлектері мен осы күнгі оқып жүрген студенттер қауымына оқу орнының жеткен жарқын жетістіктері мен алда күтіп тұрған мақсат-межелерін көрсетуге мүмкіндік беретін сындарлы сәт.


Университеттің іргетасын қалаған тұңғыш ректоры Санжар Асфендияров, Ахаң - Ахмет Байтұрсынұлы сынды арыстарымыздың, Ұлы Мұхаң - Мұхтар Әуезов, көп жылдар бойы университет ректоры болған Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин тәрізді ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаздардың осы университетте сабақ беріп, әкімшілік қызмет атқарғанының өзі бізге үлкен мақтаныш, сонымен бірге зор жауапкершілік те жүктейді, - деді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілеп.

 

03.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz