қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.10.2023

Абай университетінде ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі өтті

 


 

Республика күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ұлттық тәрбие» орталығы мен Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі ұлттық аспаптар көрмесін өткізді.


Көрме ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, аға оқытушы Самат Мәлімбайдың жетекшілігімен Абай университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының Абай оркестрінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Ата толғау» күйімен басталды.


Көрме барысында аталған мұражайдың жәдігерлерімен бірге университет мұражайында сақталған ұлттық аспаптар да қойылды. Дизайн кафедрасының «Визаж» модельдік клубының қыздары «Таңбалы тас» және «Батыр қыз» ұлттық киім топтамаларын көрсетті.


Іс-шарада Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхаметов аталмыш көрменің маңыздылығына тоқталып, ұлттық мұрамызды дәріптеп, сақтау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз екенін атап өтті. Мұражайдың қызметкері Әдемі Мұратова қорда сақталған аспаптардың тарихы туралы айтып берді.

 

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға керемет әсер қалдырды.

 

26.10.2023 ж.

Ақпарат көзі: gov.kz