қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.08.2020

Абай университеті ректорының студенттермен онлайн-кездесуі өтеді


2020 жылғы 26 тамызда сағат 16.00-де Абай университетінің ректоры Такир Балықбаевтың студенттермен онлайн-кездесуі өтеді. Оқу орнының басшысы 2020-2021 оқу жылында оқу процесінің қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып береді.


Онлайн-кездесу әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда көрсетіледі: Facebook (https://www.facebook.com/AbaiUniversity), Youtube (https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw) Instagram (https://www.instagram.com/abai_university/). Осы парақшалар арқылы тікелей эфирде сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.