қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.09.2023

Тоқмұхамед Садықовтың 85 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

 



Басқосуда білім саласын дамыту мәселесі талқыланды

 

Алматыда ғалым Тоқмұхамед Садықовтың 85 жылдығына орай халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Жиынға шетелдік профессорлар қатысты. Басқосуда есімі тарихта қалған Тоқмұхамед Сәлменұлының еңбектерін жинақтау және білім саласын дамыту мәселесі талқыланды.

 

Айта кетсек, Тоқмұхамед Садықов - ғұмырын ағартушылыққа арнап, талай ұстаз даярлаған, Абай университетінің деңгейін көтерген ғалым.


- Тоқмұхамед Садықовтың тұсында университет 3 сатылы оқу жүйесіне көшті. Олар - бакалавр, магистр, Phd доктор. Ол кісі бұл жүйенің болашағы бар екенін 30-40 жыл бұрын білген, - деді Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Хангелді Әбжанов.

 

 

26.09.2023ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv