қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.09.2023

Абай университетінің студенті - «Алматы аруы-2023»


Абай университеті Математика, физика және информатика институтының 4 курс студенті Наталья Петри үздіктер арасынан жеңімпаз атанып, «Алматы аруы-2023» атағын жеңіп алды. Наталья бала кезінен нақты ғылымдарға қызығушылық танытқандықтан, болашағын «6В05302-Физика» мамандығымен ұштастырды. Бүгінде ол модельдік агенттіктің мүшесі және оқумен қатар осы салада белсенді түрде дамып келеді.

 

Наталья Петриді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және жарыстың келесі кезеңінде сәттілік тілейміз!

 

  alt=     alt=  



211

Кері оралу