қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.08.2020

Докторантураға түсуші түлектер назарына!!!

 

ЖЖОКБҰ докторантурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау қабылдау комиссиясы арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілде мен 10 тамыз (құжаттар тізімі төменде көрсетілген) аралығында жүргізіледі.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 17-22 тамыз (Арнайы емтихан кестесі сайтқа ілінеді және талапкерге жеке айтылады) аралығында өткізіледі.

Арнайы емтиханға дайындалу үшін әр білім беру бағдарламалары бойынша бағдарламалар сайтқа ілінген.

Докторантураға түсушілер үшін IELTS шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың баллдары 5,5- ке дейін артты;

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:


1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде - 5,5), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл - кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл - кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл - кемінде 453), Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл - кемінде 85, Common European Framework of Reference (CEFR, шекті балл-В2), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF- Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Français international TM (TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplôme d`études en langue française (DELF, B2 деңгейі), Diplôme approfondi de langue française (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du français (TCF - кемінде 50 балл);

5) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама;

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

 

Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.