қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
31.07.2023

Webometrics әлемдік рейтингінде Абай университеті еліміздің ТОП-5 үздік университеті қатарына енді

 



Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайынғы жетістіктерін көрсетуді жалғастыруда.

 

Әлемдегі ең үздік оқу орындары веб-сайттарының халықаралық рейтингі - Webometrics Ranking of World Universities-2023 (шілде) жарияланды. Бұл рейтинг университет веб-сайтының өзектілігін және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми-метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарын ескеретін біріктірілген көрсеткішке негізделген жаһандық рейтинг.

 

Жаңа Webometrics деректері бойынша Абай университеті 5-ші орынды (2022 ж.: 7-ші және 10-шы орын) иеленіп, еліміздің ТОП-5 үздік университетінің қатарына енді. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-орынға ие болды. Impact көрсеткіші бойынша Абай университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 2-орында. Университеттің веб-сайты ұлттық және халықаралық рейтингтерде де жоғары көрсеткіштерге ие.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайынғы жетістіктерін көрсетуді жалғастыруда, бұл оның әлемдік жоғары білім беру жүйесіндегі тұрақтылығын тағы да растайды. Халықаралық рейтингтерге қатысу университетке әлемдік ғылыми кеңістікте белсенді орналасуға, оның халықаралық білім беру ортасына енуін қамтамасыз етуге, білім беру және ғылыми процестерді халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес үйлестіруге, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және даму үшін жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді.

 

31.07.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz