қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.06.2023

Сәтбаев Университеті мен Абай Университетінің студенттері еліміздің киелі жерін зерттеуде

 


 

Олар 3400 шақырым жол жүрді

 

Ұлы данышпан бабалардың даналығы мен төзімділігінен шабыт алған жас зерттеушілер тарихи орындарға саяхат жасауда, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Алматы, Қазақстан - бірлесіп іс-шаралар өткізу екі университетте жақсы дәстүрге айналып келеді, сондықтан бұл сапар екі оқу орны арасындағы табысты ынтымақтастық қарым-қатынастың тағы бір мысалы болып отыр.

 

Осы дәстүр аясында студенттер үлкен бір автобусқа мініп, өз тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білу үшін, Қазақстанның киелі жерлеріне саяхатқа аттанды. Саяхат барысында қатысушылар қазақтың екі ұлы тұлғасы - Қаныш Сәтбаев пен Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты тарихи жерлерді аралайды.

 

Сапар бағдарламасы бойынша студенттер Қаныш Сәтбаевтың туған жерін, Шәкәрім Құдайбердиев пен Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп кесенелерін, сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайларын аралайды.


Студенттер 3400 шақырым жол жүріп, 6 көлге барады, тіпті оның жағалауындағы аумақтарды тазартады. Сонымен қатар Сәтбаев Университеті мен Абай Университетінің студенттері еріктілер қатарында Бородулиха орман шаруашылығындағы ағаш көшетінде қылқан жапырақты хвоя ағаштарын арамшөптерден тазартты.

 

Сәтбаев Университеті Қ.И. Сәтбаев атындағы 5 орта мектеппен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

 

- Рухани байлық болмаса, материалдық байлық та болмайды. Осы қызықты сәттердің барлығын басынан өткерген студенттер еліміздің саналы да патриотты азаматтары болып, әрі қарай жетіле береді деп сенеміз, - деді Сәтбаев Университетінің проректоры Мансұр Әлімханов.


Сәтбаев Университеті мен Абай Университеті - Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, екеуі де қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың құрметіне құрылған. Екі университет әртүрлі салаларда, соның ішінде ғылыми зерттеулер бойынша, білім беру бағдарламалары және бірлескен мәдени іс-шаралар жөнінде белсенді ынтымақтастық қарым-қаиынас жасайды.

 

21.06.2023 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv