қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.06.2023

Абай университетінің студенті «Үздік театр әртісі» атанды

 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжатнама басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада Тарих және құқық институтының академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы «6В01601-Тарих» мамандығының 2 курс студенті Мейіржан Нұров «Үздік театр әртісі» номинациясымен марапатталды. Мейіржан Нұров Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі, отандық «Бозторғай», «Инелік» сынды бірқатар телесериалдардың басты рөлін сомдаған талантты актер.


Мейіржанға шығармашылық табыс тілейміз!

 

  alt=