қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2023

«Smart coach» инновациялық бизнес-клубы

 

Абай университеті Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасы студенттері үшін «Smart coach» инновациялық бизнес-клубы ашылды. Клуб мүшелерінің кездесулері апта сайын ZOOM және Miro платформаларында және офлайн режимде өткізіледі. Жасалған жұмыстар туралы есептерді бастауыш білім беру бағдарламасының веб-сайтынан табуға болады.

 

Клубтың мақсаты - студенттерде кәсіби қызмет саласында бизнес инновациялық білім мен дағдыларды дамытуды қамтамасыз ету. Болашақ мамандардың бизнес-жоспар құру дағдылары дамиды, жеке кәсіпкерлікке қызуғышылықтары артады және soft skills дағдылары дамиды.

 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлерінің шеберлік сабақтарына қатысу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын дамытады.

 

Біздің каналға тіркеліңіз:

https://www.youtube.com/@smartcoach.businessclub

 

Үйірме жетекшісі докторант Н.Е.Балгинбаева . тел.: 87472039252

 

  alt=