қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2023

«Тарихымыздың қасіретті кезеңі» іс-шарасында Абай университетінің ғалымдары тәжірибемен бөлісті

 

2023 жылғы 26 мамырда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Е.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихымыздың қасіретті кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Тарих және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Еркін Ермұқанов құрметті қонақ ретінде шақырылып, тақырып аясында баяндама жасады. Шара барысында ХХ ғасырдың 30 жылдарында орын алған аштық құрбандарын мәңгі есте қалдыру және саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің ерлігі мен батырлығын есте қалдыру және насихаттау туралы сөз етілді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=