қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.05.2023

А. С. Нусупбекованың докторлық диссертациясы қорғаудан өтті

 

2023 жылғы 24 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «6D011800-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Айжан Нусупбекованың «Орыс тілі мен әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарының аксиологиялық компоненті» тақырыбында диссертациялық жұмысы қорғалды.

 

Қорғауға Назарбаев Университетінен келген қонақтар - жоғары білімнен кейінгі бөлім басшысы Луис Рохас, Провост кеңсесінің бас менеджері Гүлназ Бөлебаева және Провост кеңсесінің бас менеджері Асхат Бекжанов қатысты.

 

Диссертациялық кеңес отырысына Ұлттық ғылыми университетінің Экономика жоғары мектебінен (Мәскеу, Ресей) ресми рецензент - филология ғылымдарының докторы, профессор Евгений Казарцевтің қатысуын ерекше атап өтпекпіз.

 

Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша отырысқа қатысқан Диссертациялық кеңестің 9 мүшесі зерттеу жұмысының жоғары деңгейін және тақырыбының өзектілігін атап өтіп, дауыс берді.

 

Айжан Нусупбекованы диссертацияны қорғаумен құттықтаймыз және ғылыми салада табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=