қазақша · русский · english
 
 
 
Бейсембаева Айман Мұратқызы
«Ұлы дала тұлғалары» секторының координаторы

Достық даңғылы, 13
 8-707-244-24-00
aiman0303@mail.ru

 

Ұлы даланың тарихы мен тағдырында өшпес із қалдырған қайраткерлердің, ұлт зиялыларының, көрнекті тұлғалардың және олардың рухани мұрасын жас ұрпақтың санасы мен жүрегіне сіңіру. Кешегі өткен бабаларымыздың «ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен» жасаған ерлік істерін, өмірі мен қоғамдық саяси қызметін, тағылымын, үлгі-өнегесін, жасаған ерлігін, университетіміздің білім алушы жастарына кеңінен насихаттау.

 

Ұлы дала тұлғалары орталығының мақсаты - студенттерді қазақ халқының озық ойлы, отаншыл және дана тұлғаларының үлгісінде тәрбиелеп, оларды тұлға ретінде қалыптастыру. Әрбір халық үшін өзінің талантты, данагөй және отаншыл перзенттерінің үлгісі маңызды. Халықтың халық болуы, мемлекеттілігі, мәдениеті мен өнері, білімі, ғылымы мен саясаты, осындай озық ойлы көшбасшы тұлғалар қызметінің арқасында қалыптасады. Сондықтан Қазақстанның ел таныған тұғырлы тұлғаларының өмірі мен қызметінің танымдық қана емес, тәрбиелік маңызы орасан зор. Жастар олардың іс-әрекетінен үлгі-өнеге ала отырып, солардай болуға талпынады.