қазақша · русский · english
 
Заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасы
 
 
 Желдыбаева Айнаш Жамалиденовна
Заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы

Достық даңғылы, 13, №203 каб.
 293-85-93
a.zheldybayeva@abaiuniversity.edu.kz

 

Басқарманың негізгі мақсаты «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) жан-жақты қызметін қамтамасыз ету бойынша құқықтық (заңдық) жұмыс пен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, оған басшылық ету және бақылау жасау болып табылады.

 

Негізгі мақсатты іске асыру үшін Басқармаға белгілі міндеттер жүктеледі және функциялар айқындалады:

1) міндеті: қоғам қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялар:

- Басқарма қызметін жоспарлайды, Қоғамға жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқару функцияларын жүзеге асырады;

- құқықтық жұмыс туралы ақпаратты және өзге де материалдарды талдайды, олар бойынша талдамалық анықтамалар жасайды, мәселелерді Қоғамның лауазымды тұлғаларының қарауына енгізеді, құзыреті шеңберінде анықталған кемшіліктерді жою және құқықтық жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;

- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

2) міндеті: қоғамның мүліктік және өзге де мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау.

Функциялар:

- Қоғам қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік органдарда, соттарда, сондай-ақ өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Қоғам мүдделерін білдіреді;

- талап қою жұмысын ұйымдастырады және оның жай-күйін талдайды;

3) міндеті: Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Қоғамның Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруын ұйымдастыру, үйлестіру, қамтамасыз ету және бақылау.

Функциялар:

- бюджет және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады;

- тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды және келіседі;

- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға байланысты құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Басқарманың құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманың ережелерін (техникалық ерекшеліктен басқа) түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауаптардың жобаларын дайындайды;

- конкурстық құжаттама (техникалық ерекшеліктен басқа) бойынша хабарландырулар, түсіндірмелер және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру үшін қажетті өзге де ақпарат дайындайды;

- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жібереді;

- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында заңнамада көзделген өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастырады;

- конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етудің енгізілуін және қайтарылуын және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысады;

4) міндеті: Қоғам жасасатын шарттардың құқықтық сараптамасы.

Функциялар:

- шарттарды әзірлеуге қатысады, шарттық жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

- шарттардың уақтылы және дұрыс жасалуын, шарттық міндеттемелердің орындалуын есепке алуды, шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге жауапкершілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

5) міндеті: қоғамның нормативтік актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Функциялар:

- Қоғамның Басқарма мүшесі - әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректорының тапсырмасы бойынша Қоғамның құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша нормативтік актілерді әзірлейді;

- қоғам бастамашылық жасаған құқықтық актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді, оларға қол қояды, ал олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда белгіленген мерзімде анықталған ескертулерді жою туралы ұсыныстар береді;

- Қоғам Басқарма Төрағасы - Ректоры бұйрықтарының жобаларына, сондай-ақ Басқарманың құзыреті шегінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметінің мәселелері бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жүргізеді;

- Қоғам Басқармасы мүшесінің - әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректорының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар әзірлеген, Қоғамға келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысады;

- Қоғамның құқықтық жұмысы туралы есептерді дайындайды;

- басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

6) міндеті: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Функциялар:

- Қоғамда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

- белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады және семинарлар өткізеді;

- Қоғамның Басқарма мүшесі - әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректордың тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнама туралы ақпараттық материалдар дайындайды.

7) міндеті: Заңнаманы қолдану тәжірибесін қорыту.

Функциялар:

- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді;

- Қоғамға түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген электрондық есебін ұйымдастырады.