
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Практикалық ағылшын тілі кафедрасы / Халықаралық қызметПрактикалық ағылшын тілі кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы
Жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту. Шетелдік тағылымдамаларға, алмасу бағдарламаларына және білім беру жобаларына қатысу түлектердің Қазақстанда да, шет елдерде де жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Тілдік және мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамыту. Ағылшын тілін халықаралық өзара әрекеттесу жағдайында оқыту - коммуникативтік даярлығы жоғары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу. Бірлескен зерттеулер жүргізу, конференцияларға қатысу және халықаралық басылымдарда мақала жариялау оқытушылардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды. Кафедра ұлттық бастамаларға ерекше мән береді:
«500 ғалым - шетелде тағылымдамадан өту» жобасы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұл бастамасы кафедра оқытушыларына шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсына отырып, білім беру мазмұнын жаңартуға және кафедраның академиялық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
2023-2024 оқу жылында шетелде тағылымдамадан өткен кафедра оқытушыларының саны - 2 адам.
педагогикалық жаңашылдық: «Reading Circle». Халықаралық конференцияларға қатысу
шетелдік профессорлардың қатысуымен қонақ дәрістер өткізу; қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; оқытушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру; халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу; халықаралық конференциялар, семинарлар мен мәдени іс-шараларды өткізу.
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы білім беру мен ғылымдағы жоғары стандарттарға ұмтылып, халықаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті.
|