қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2023

Слупскідегі Помор академиясында Наурыз тойланды


2023 жылғы 27 наурызда Слупскідегі (Польша) Помор академиясында орналасқан Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығында Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері Наурызды тойлауға арналған мәдени кездесу ұйымдастырды. Студенттер Польшада 2 жоғары оқу орынның арасындағы ынтымақтастық туралы көпжылдық екіжақты шарт шеңберінде семестрлік студенттік алмасу бағдарламасы бойынша оқиды.


Іс-шараға студенттер жөніндегі проректор, профессор Данута Герчинска, Филология институтының директоры Кристина Кравец-Злотковска, сондай-ақ Филология институтының оқытушылары мен студенттері қатысып, кештің құрметті қонағы болды. Іс - шара орталықтың үйлестірушісі және Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, ал қазір Слупскідегі Помор академиясының оқытушысы Максим Пономаренконың жетекшілігімен өтті.

 

Студенттер қонақтарға дәстүрлі қазақ дастарханын жайып, қуырдақ, бауырсақ, құрт, ірімшік және басқа да қазақ тағамдарын қойды. Жастар қонақтарға Наурыз мерекесінің тарихы мен оның ерекшеліктері туралы, сондай-ақ Абай университеті мен туған қалалары туралы презентациялар жасады. Мерекеге орай көлемді мәдени бағдарлама дайындап, домбыра тартып, қазақ халқының әндерін орындады және өлең оқыды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=