қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.03.2023

«East - West: Authority And Potential» ғылыми журналдар редакторларының алғашқы Еуразиялық форумы 

 

2023 жылы 16-17 наурызда Баку қаласында (Әзірбайжан) «East - West: Authority And potential» ғылыми журналдар редакторларының алғашқы Еуразиялық форумы өтті. Оны ұйымдастырушылар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Хазар Университеті және Қазақ технология және бизнес университеті болды. Форум ҚР ҒЖБ, ҒЖБССҚК, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті және «Akbastau Gardens»  ЖШС қолдауымен өтті.

 

Форум қонақтарын Хазар университетінің негізін қалаушы академик профессор Гамлет Исаханлы және ректор профессор Ирада Халилова, ҚР ҒЖБ ҒЖБССҚК төрағасының орынбасары Әділжан Нұржанов, Абай атындағы ҚазҰПУ ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығының басшысы Талғат Килыбаев қарсы алды. Форумның модераторлары қызметін Хазар университетінің халықаралық істер жөніндегі проректоры Влад Вернигора және Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының техникалық хатшысы Сәуле Исалиева атқарды.

 

Форумға Әзірбайжан, Қазақстан, Эстония, Түркия, Италия, Таиланд, Өзбекстан және Польшадан келген баспа үйлерінің, ғылыми журналдардың өкілдері, зерттеушілер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысты. Панельдік секцияда доктор Илдана Халитова (Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО кафедрасы, Қазақстан), Кристиан Стефанский (sciendo/De Gruiter компаниясы, Польша), академик профессор Танель Керикмяэ (Таллин техникалық университеті, Эстония), профессор Орхан Валиев (Khazar Journal of Humanities and Social Sciences, Хазар университеті, Әзірбайжан), Влад Вернигора (Хазар Университеті, Әзірбайжан) баяндамалар жасады.

 

Форум аясында «Bilim zhane Bolashak» ҒЗЖ Бірінші халықаралық конкурсының қорытындысы шығарылды, оның жеңімпаздары «Zhana Izdenister» ғылыми жобалар конкурсында зерттеу жобаларын ұсынды. Sciendo (De Gruyter) баспа үйінің өкілдері компанияның тарихы, жарияланған журналдары және сапалы академиялық жұмыстарды жариялаудың алғышарттары туралы айтты. Форумда «East-West» магистранттары мен докторанттарына арналған жаңа Қазақстан-Әзірбайжан ғылыми-әдістемелік журналы және онымен ынтымақтастық бағыттары таныстырылды. Онлайн және офлайн форматтарда қатысушылар жоғары рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, Еуразиялық ғылыми журналдар қауымдастығын құру, әртүрлі елдердің магистранттары мен докторанттарының өзара іс-қимылы үшін бірыңғай кәсіби алаң қалыптастыру, бірлескен зерттеулер жүргізу мақсатында ғылыми ынтымақтастықтар құру мәселелерін талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=