қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.03.2023

«Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тренинг-семинары

 

2023 жылдың 24 наурызында Тараз қаласындағы 100 жылдық тарихы бар Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде кəсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру жəне əлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы М.А. Шауенованың ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тақырыбында тренинг-семинары өтті. Тренинг-семинар «0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» (Біліктілік 0101013) мамандығының студенттеріне жүргізілді. Семинар-тренингке директордың оқу-өндірісі жөніндегі орынбасары Надира Жақсымбетова және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушысы Забира Серикова қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждері арасындағы сабақтастықты арттыру және педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар ашық сұрақ-жауап әдісі арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=