қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.03.2023

 

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!


Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Наурыз - бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Барша қазақстандықтар үшін Наурыз - қасиетті мереке, туған еліміз - Қазақстанда тұратын барлық халықтар достығының символы. «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бұл қоғамда, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдіретін күн. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа қуаныш, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкеледі!

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы - Наурыз мейрамы Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Қазақ білімінің қара шаңырағы - Абай университетінің абыройы арта берсін!

 

Құрметпен, Дархан Біләлов