қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.03.2023

«Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» кітабының авторымен кездесу


2023 жылдың 16 наурызында Педагогикалық шеберлік академиясының ұйымдастыруымен Филология институтында «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» кітабының авторы, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері Асхат Әлімовпен «Табысты сабақ өткізу жолдары» тақырыбында жалпы университеттік кездесу өтті.

 

Ашық дәріс Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының студенттері мен оқытушылары, басқа жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Алматы қаласы мен облыс мектептерінің мұғалімдері, білім берудің жаңа бағытын қарастырып жүрген жаттықтырушылар қатысқан ауқымды іс-шараға айналды.

 

Асхат Қамзаұлы әлемде білім беруде көш бастап тұрған мектептердегі табысты сабақтың ерекшелігі мен мұғалімнің бойында болуы керек қасиеттерді, белсенді жұмыс істеудің ережелерін айтып, дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Шара соңында Педагогикалық шеберлік академиясының төрағасы Саят Ибраимов сөз сөйлеп, спикер Асхат Әлімовке Академия атынан арнайы сыйлық табыстап, алғыс білдірді.

 

Іс-шараға қатысушылар Асхат Қамзайұлымен естелік ретінде суретке түсіп, оның дәрісі туралы оң пікірлерін білдірді.

 

  alt=